Қазақстанда латын әліпбиі қолданыла бастады

«Арқалық хабары» газеттің кезекті нөмірін латын әліпбиімен шығарды.

840047
Қазақстанда латын әліпбиі қолданыла бастады

«Арқалық хабары» газеттің кезекті нөмірін латын әліпбиімен шығарды.

Kazinform агенттігінің хабарына қарағанда Қостанай облысындағы «Арқалық хабар» газеті кезекті нөмірін латын әліпбиімен шығарды.

Бас редактор Қайрат Есмағамбетов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен апта  латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды.

Бас редактор Қайрат Есмағамбетовтің айтуынша, газетті латынша шығару жоспарда болмаған.

«Бәріңізге белгілі, Елбасы жаңа латын әліпбиін бекітті. Осы орайда біз де тәжірибе ретінде өз газетімізді латын графикасымен ұсынып көрдік. Бұл жолы басылымның бірінші бетін өзгертіп жасадық. Мұндағы мақсат - оқырмандардың пікірін білу. Олар қалай қабылдайды? Міне, осы сұраққа жауап іздеу үшін жаңашылдыққа барып отырмыз», - деді Есмағамбетов.

Қазақстан 2018 жылынан бастап оқулықтардың 32 әріптен тұратын латын әліпбиімен басылуы және 2025 жылына дейін барлық кітап, мерзімді баспасөз және іс-қағаздары латын әліпбиімен басылуы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар