Владимир Путин мен Си Цзинпинь кездесті

Ресей мен Қытай лидері Корея түбегінің атомдық қарулардан тазалануы тақырыбында келісті.

800641
Владимир Путин мен Си Цзинпинь кездесті

Владимир Путин мен Си Цзинпинь кездесті.

Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка көшбасшылары саммиті жалғасуда.

Саммит аясында Ресей Президенті Владимир Путин мен Қытай Мемлекет басшысы Си Цзинпинь Корея түбегінің атомдық қарулардан тазалануы тақырыбында келісті.

Кездесуде екі лидер Солтүстік Кореяның соңғы жасаған баллистикалық зымыран сынағына лайықты бір тойтарыс берілуі және Корея түбегінің атомдық қарулардан тазалануы тақырыптарында бірдей көзқараста болды.

Лидерлер екі ел арасында мәселенің шешілуі жайлы қою байланыс жасау үшін де келісімге барды.

Кездесуде РИКС, екі жақты қарым-қатынастар, Қытай мен Ресейге байланысты аймақтық және халықаралық мәселелер де қолға алынды. 


Этикеттер: #Ресей , #Қытай , #Путин

Ұқсас жаңалықтар