Сұлтан Мұрад түмені қолбасшысы мәлімдеме жасады

Сұлтан Мұрад түмені қолбасшысы Шыхлы ДАИШ пен ПЙД-нің зұлымдықтарына бүкіл әлемнің «тоқта» деу керектігін атап айтты.

613454
Сұлтан Мұрад түмені қолбасшысы мәлімдеме жасады

Еркін Сирия армиясына қарасты Сұлтан Мұрад түмені қолбасшыларының бірі Шыхлы Шыхлы ДАИШ пен ПЙД террор ұйымдарының зұлымдықтарына халықаралық қоғамның «тоқта» деу керектігін атап айтты.

Сириядағы жаңалықтармен байланысты Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасаған Шыхлы ДАИШ және ПЙД-нің Сириядан бастап, әлемнің түкпір-түкпірінде адамзатқа қарсы үлкен қылмыс жасағанын және көптеген мемлекеттің тыныштығын бұзғанын білдірді.

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркия басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясында алғашқы нысананың Жераблус пен айналасы, кейін Әл-Бабқа дейінгі аймақтың террордан тазалау екенін мәлімдеген Шыхлы бұл операцияның өздеріне күш қосқанын атап көрсетті.

Шыхлы Түркияның өздеріне берген қолдауымен Сирияда мыңдаған адамды азат еткендерін тілге тиек етіп, бұл тақырыпта халықтың Түркияға алғыс айтып, дұға еткенін білдірді.

Жераблусты Сирияның қауіпсіз портына айналдырғандарын еске салған Шыхлы «Әрине нысанамыз өте үлкен. Әл-Баб, Мүнбич, Ракка және басқа жерлерді де құтқарамыз. Өйткені осы жерлерде Сирия халқының жері. Біздер Сирия халқымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар