Черногорияда сайлау

Джуканович кешегі сайлаудан жеңіп шыққандарын жариялады.

590843
Черногорияда сайлау

Черногорияда батысты жақтайтын Демократиялық социалист партиясы төрағасы және премьер-министр Мило Джуканович кешегі сайлаудан жеңіп шыққандарын жариялады.

Бас қала Подгорицада DPS орталығында сөз сөйлеген Джуканович партиясының тағы бір рет сайлаудан жеңіп шыққанын атап көрсетіп: «Черногория ЕО мүшелігі жолында табанды түрде қадамдарын жал,астырады.  НАТО-ға мүшелігіміз де жақында бекітіледі.  Жаңа кезеңде көптеген жобаға қолтаңба басамыз» деді.

Джуканович социал демократтар,  босняк,  хорват және албан азшылықтарының депутаттарымен коалиция үкіметін құратындарының белгісін берді.

Черногориядағы жалпы халықтық сайлауды бақылаған тәуелсіз орталық CeMI DPS-нің 41 пайызбен алла келе жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар