Неміс ұшағының құлаған жері табылды

Македонияда бас қала Скопье маңында жоғалып кеткен Германия ұшағының құлаған жері табылды.

566678
Неміс ұшағының құлаған жері табылды

Македонияда бас қала Скопье маңында жоғалып кеткен Германия ұшағының құлаған жері табылды.

Бұл туралы Македония Ішкі істер министрлігі мәлім етті. Кеше кешке радармен байланысы үзілген ұшақтың Скопьеге қарасты Катланово аудан орталығына 6 км қашықтықта бір ауыл маңына құлағаны анықталды.

Ұшақтағы жолаушылардың денсаулығы жөнінде мәлімет берілмеді. Оқиға болған жерге медицина қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметкерлері барып жетті.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дежана Неделкова ұшақта төртеуі италиян, екеуі Косово азаматы барлығы алты адам болғанын білдірді.

Бұл кісілер Косовоның бас қаласы Приштинаға қарай Италиядан бағыт алған.



Ұқсас жаңалықтар