Пайғамбар мешіті мен Эл-Катиф қаласында жанкешті шабуыл

Мәдина мен Эль-Катиф қалаларындағы шабуылдарда 7 адам қаза тапты.

524143
Пайғамбар мешіті мен Эл-Катиф қаласында жанкешті шабуыл

Сауд Арабиясының қасиетті қаласы Мәдинада Пайғамбар мешітінің маңындағы қауіпсіздік бекеті мен Эль-Катиф қаласында бомбалы шабуылдар жасалды, 7 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Кеше кешкі уақытта Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің маңындағы автопаркта қауіпсіздік қызметкерлері бір күдіктіні тоқтатқысы келді. Сол кезде жанкешті өзін жарып, 4 қызметкер қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Елдің шығысындағы Эль-Катиф қаласындағы Мияс базары маңында тағы бір жанкешті шабуыл жасалды. Куәліктері анықтала алмаған 3 адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігі түнгі уақытта Джидда қаласындағы АҚШ Бас консулдығы маңындағы жанкешті шабуылдың пәкістандық шабуылшы тарапынан жасалғанын жариялады.

Куәгерлерге қарағанда жарылысты Пайғамбар мешітіндегі адамдар қатты сезінді. Оқиғаның артынан аймақтан тұмандар көтерілгенін атап көрсетті.

Жаралылар арасында түрік азаматтары жоқ.

Түркия Сауд Арабиясында Джидда мен Эль-Катиф және Мәдинадағы Пайғамбар мешіті маңында жасалған шабуылдарды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Түркияның дос және бауырлас Сауд Арабиясының террормен күресінен бастап, әр салада ынтымақтастық және достықтың жалғасатыны атап көрсетілді.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш әлеуметтік медиа арқылы Әзірет Мұхаммед пайғамбардың мазары орналасқан Пайғамбар мешіті маңындағы террор шабуылын айыптаған бір мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Алланың қарғысы бұл жауыз шабуылды жасағандарға жаусын» делінді.



Ұқсас жаңалықтар