Иранның зымыран сынағы БҰҰ-да дағдарысқа айналды

Иранның 10 қазан күнгі баллистикалық зымыран сынағы жаңа бір дағдарысқа жол ашты.

396099
Иранның зымыран сынағы БҰҰ-да дағдарысқа айналды

Иран 10 қазан күні жүзеге асырған баллистикалық зымыран сынағы себепті тағы бір рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен бетпе-бет қалды.
Санкцияларды бақылау комитетіне бір рапорт ұсынған АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Германия өкілдері Қауіпсіздік кеңесінің Иранға баллистикалық зымыран сынағы себепті лайықты қарсылық беруді талап етті.
Комитет жиналысында сөз сөйлеген өкілдер Тегеран әкімшілігінің осы ұстанымымен БҰҰ санкцияларына қарсы шыққаны және ашық түрде бас көтергенін атап көрсетті.
Зымыран сынағының провокациялы бір әрекет екенін атап айтқан АҚШ тұрақты елшісі Вашингтонның бұл сынақ пен ядролық келісім тақырыптарына бөлек қарағанын білдірді.
Көрсетілетін наразылықтың техникалық бір тақырып екенін атап айтқан тұрақты өкілдер ядролық келісімнің барлық тараптар үшін тепе-тең және толық жүзеге асырылу керектігінің маңызына назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар