Газада өткен жылдан қалған зымыран жарылды

Жарылыста 50 Палестина азаматы жараланды.

275473
Газада өткен жылдан қалған зымыран жарылды

Газа секторының солтүстігіндегі Бейт Лахия аймағында Израильдің өткен жылғы шабуылынан қалған зымыран жарылып, кемінде елу адам жарақат алды.


Жаралылардың кейбірінің жағдайы ауыр.


Израиль Газаға жасалған шабуылда жарылмаған түрлі бомба, зымыран және мина сынды 5 тонна әскери қарудың ықпалсыз күйге келтірілгенін хабарлаған болатын.


Өткен жылдың 7 шілде күні басталған Израильдың шабуылында 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 11 мыңнан астам адам жарақат алды. 51 күндік шабуылда мыңдаған үй, мешіт пен мектеп толығымен қирады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар