Ибади мен Обама Вашингтонда бас қосты

Ирак премьер-министрі Хайдар эл-Ибади ресми сапармен АҚШ-қа барды.

236169
Ибади мен Обама Вашингтонда бас қосты

Премьер-министр Хайдар эл-Ибади мен президент Барак Обама Ақүйде бас қосты.
ИШИМ-мен күресте Иракқа қолдау берген Вашингтон әкімшілігі Ибадиге 200 миллион долларлық гуманитарлық жәрдем жасауға уәде етті.
Жиналыстың артынан Обама жасаған мәлімдемеде Ибадидің міндетке келген 7 айдың ішінде Ирак армиясының одан жақсы жабдықтау мен жаттыққанын атап, террор ұйымы ИШИМ-нің бақылауындағы жерлердің төрттен бір бөлігінде бақылауды қайта қолға алғанына назар аударды.
Ибадимен бірге ИШИМ-мен күресте Иранның ролін қолға алғандарын атап айтқан Обама Ирак армиясы құрамындағы әскери операциялардың Бағдаттан басқарылу керектігін жеткізді.
Обама ұйымды жоюдың уақыт алатынын мойындады. ИШИМ Ирактың екінші үлкен қаласы Мосул мен басқа да маңызды аймақтарды бақылауында ұстайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар