Үлкен Токио бомбалауының 70 жылдығы еске алынды

АҚШ-тың Жапонияның астанасы Токиоға жасаған әуе шабуылында 105 мың адам жан тапсырған болатын.

256861
Үлкен Токио бомбалауының 70 жылдығы еске алынды

ІІ-ші Дүниежүзілік соғыста Жапонияның астанасы Токиода 105 мың адам жан тапсырған және қаланы жермен-жексен қылған Американ бомбалауы еске алынды.
Соғыс құрбандарын еске алу үшін салынған ғибадатханадағы рәсімге сол кезеңнің императоры Хирохитоның немересі ханзада Акишино және премьер-министр Шинзо Абеге қоса құрбандардың ұрпақтары қатысты.
Қаза тапқандар гүл шоқтарымен еске алынды.
1945 жылы 10 наурыз күні АҚШ әуе күштеріне тиесілі B-29 типі 344 соғыс ұшағы Токиоға қару өңдеу зауыты болғаны алға тартылып, бірнеше сағат бойынша напалм бомбаларын лақтырып, мың 700 тонна салмағындағы бомбалардың тұманы 7 мың метр биіктікке ұласқан болатын.
Токио бомбалауы ауыр адам шығынына қарамастан Хиросима мен Нагасаки қалаларына кейін тасталған атом бомбаларының көлеңкесінде қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар