Грекияда жаңа үкімет

Жаңа кабинетте қызықты тұлғалар орын алды.

200643
Грекияда жаңа үкімет

Грекияда жалпы халықтық сайлаудан жеңіспен шыққан Сириза партиясының басшысы Алексис Ципрас кабинетін құрды.


Жаңа кабинетте ең назар аударатын жайт Денсаулықты сақтау министрлігіне Панагиотис Корумблистің тағайындалуы болды. Жаңа Денсаулықты сақтау министрі – соқыр.


Грек баспасөзінің жазғанына қарасанда, отбасы Османлы империясы кезінде Қаратеңіз жағасынан Грекияға көшіп барған 63 жасар министр көру қабілетінен 10 жасар кезінде Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бір бомбаның жарылуы нәтижесінде айрылып қалған.


Жаңа Мәдениет министрі Элена Кунтура болса халықаралық деңгейде танымал тұлға. Жас кезінде модел болған Кунтура әлемге әйгілі көптеген сән үйімен жұмыс істеді, көптеген компанияның экрандағы бейнесі болды.


Премьер-министр Ципрас Қорғаныс министрлігіне болса Түркияға қатал ұстанымымен танымал коалиция серігі Тәуелсіз гректер партиясының басшысы Панос Каменосты тағайындады. Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоғлуның желтоқсан айындағы Афины сапары барысында шеру ұйымдастыруға тырысқан Каменостың шақыруына тек 70 адам жауап берген болатын.


Ципрас Жемқорлықпен күрес үшін де бір министр тағайындады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар