Жаңа корольдің мәлімдемесі

Иордания және Бахрейнде 40 күн аза жарияланды.

195783
Жаңа корольдің мәлімдемесі

Сауд Арабиясының королі Абдуллах қайтыс болғаннан кейін жаңа король Селман бин Абдулазиз бірінші рет сөйлеген сөзінде бірлік-берекеге шақырды.


Король Селман «Ел құрылған күннен бергі жолымызды жалғастырамыз. Бірлікті сақтау, үмметтің құқығын қорғау жолында күш-жігер жұмсаймыз» деді.


Осы арада Ішкі істер министрі Ханзада Мұхаммед бин Наиф екінші әмеңгер ретінде тағайындалды.


Әлем басшыларынан көңіл айту хабарламалары келіп жатыр.


Мұсылман әлемі король Абдуллахтың өліміне қайғыруда.


Бахрейн мен Иорданияда 40, Палестина мен Біріккен Араб Әмірліктерінде 3, Пәкістанда бір күн аза жарияланды.


Палестина мемлекет басшысы Махмұт Аббас король Абдуллахтың әрқашан палестиналықтардың жанында болғанын айтты.


Иран атынан жаназаға Сыртқы істер министрі Джевад Зариф қатысуда.


Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама болса көңіл айтып, марқұм король Абдуллахтың екі ел қатынастарына, Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа көп көңіл бөлгенін атап көрсетті. Обама вице-президент Джо Байденді жаназа рәсіміне жолдады.


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон король Абдуллахтың бейбітшілік пен мәдениеттер арасы келісім арқылы есте қалатынын айтты. Франция президенті Франсуа Олланд король Абдуллахты «тарихта із қалдырған басшы» деп сипаттады.


Король Абдуллахтың қайтыс болуы Швейцарияның Давос қалашығындағы форумға да әсер етті. Бүгін бір баяндама оқуы жоспарланған Иордания королі Абдуллах Риадқа аттанып кетті. Жаназаға қатысу үшін көптеген делегация Давостан ұшып кетті.


Үндістан, Пәкістан, Қытай, Филиппиндер, Жапония да көңіл айтып хабарлама жолдады.


Саудтық азаматтар да әлеуметтік желіде «Әкемізден айрылып қалдық» деп жазды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар