«Қара жәшіктің» біреуі табылды

Индонезия ұшағының қара жәшігі Ява теңізінен шықты.

181857
«Қара жәшіктің» біреуі табылды

Индонезияда екі аптаның алдында Ява теңізіне құлаған Аир Азия ұшағының екі қара жәшігінің біреуі табылды.


Ұшақтың ұшу материалдарын тіркейтін қара жәшік теңіздің 30 метр астында ұшақтың қанатының бір бөлшегінің астынан табылған.


Орны анықталған екінші қара жәшікке жету үшін жұмыстар тығыз жалғасып жатыр.


Екінші қара жәшік ұшқыштар бөлмесіндегі кеңестерді тіркейді.


Ява теңізінің астындағы балшық пен ағыс себепті іздеу жұмыстары баяу жүріп жатыр.


28 желтоқсанда 155 жолаушы және 7 экипажбен бірге теңізге құлаған ұшақтың қалдықтарынан қазірге дейін 48 адамның мәйіті шығарылды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар