Техас шекарасында қылмыстық топ қауіпсіздік күштеріне шабуылдады

Шыққан қақтығыста 19 шабуылшы өлтірілді.

168301
Техас шекарасында қылмыстық топ қауіпсіздік күштеріне шабуылдады

Мексиканың Техас шекарасында қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасалды.

Аймақта бірдей уақытта шыққан 3 бөлек қақтығыста 19 күдіктінің өлтірілгені білдірілді.
Шекарадағы Тамаулипас штаты әкімшілігі қылмыстық топ мүшесі екені алға тартылған күдіктілердің қауіпсіздік күштеріне шабуылдағанын мәлімдеді. Үкімет Рейноса және Матаморос қалаларында 1 сағатқа жалғасқан қақтығыстарда барлығы 19 күдіктінің полиция мен әскерлер тарапынан өлтірілгенін жариялады.
Қақтығыстарда қауіпсіздік күштерінен қаза тапқан немесе жараланған болмағаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар