Ирандық генерал-майор Сирияда өлтірілді

Ирандық генерал-майордың Халебтегі қақтығыстар кезінде өлтірілгені білдірілді.

159524
Ирандық генерал-майор Сирияда өлтірілді

Сирияның Халеб қаласында оппозицияға қарсы Асад күштерінің сапына өткен ирандық бір генерал-майордың өлтірілгені алға тартылды.

Орталығы Ирандағы Мерсаад интернет парақшасының хабарына қарағанда Иран төңкеріс сарбаздарына қарасты Құрлық күштері Кербала штабы қолбасшысы генерал-майор Жеббар Дирисави Асад күштері мен Ислам майданы жасақтары арасында Халебте шыққан қақтығыста өлтірілді. Генарал-майор Дирисави Иранның Ахваз қаласында жерленді.
Араб баспасөзі болса генерал-майор Дирисавидің Халебтегі қақтығыстарда өлтірілгені жайлы жаңалықтарға орын берген.
Ислами майданы қолбасшыларының бірі Исмаил Ахмед қысқа уақыт бұрын Асад күштері сапында соғысқан көптеген ауғанстандық, ирандық және ливандықты өлтіргендерін алға тартқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар