Із-түссіз жоғалған Малайзия ұшағын іздеу жұмыстары тоқтатылды

Лауазымдылар іздеу жұмыстарында екінші сатының бір айдан кейін басталатынын мәлімдеді

120367
Із-түссіз жоғалған Малайзия ұшағын іздеу жұмыстары тоқтатылды

Шамамен 4 айдан бері із-түссіз жоғалған Малайзия ұшағын іздеу жұмыстары келесі ай қайтадан басталады.
Малайзия Қорғаныс министрі Хишамуддин Хүсейин іздеу жұмыстарында келесі айда екінші сатыға өтетіндерін еске салып, 4-ші тамыз күні теңіздің астында гидролокациямен іздеу жұмыстарын жүргізе алатын бір соғыс кемесінің аймаққа жіберілетіні жарияланды.
Хүсейин кеменің шығынының Малайзиядағы жекеменшік фирмалардың ойнына алғанын білдірді.
Малайзия аймаққа сәуір айында да соғыс кемесі жіберген болатын.
Алғашқы сатыдағы жұмыстардан бір нәтиже шықпаған соң әрі әуеден, әрі теңіздің астындағы іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын.
Ұшақтың із-түссіз жоғалуымен байланысты жаңа теориялар алға тартылады.
Куала Лумпур мен Пекин арасында ұшқан кезде 239 жолаушысымен 8 наурыз күні радардан жоғалған және қайта хабар алынбаған Малайзия ұшағының сыры әлі табылмады.
Ұшақтың бір аралға қонғаны жайлы пікірлердің шындыққа жатпаған ұшқыштар «Солай болса қазірге дейін табылар еді» деді.
Тағы бір көзқарас болса біреулердің электр жүйесін ажыратуы. Жер серігімен 2 рет байланысының үзілуі электр жүйесімен байланыстырылады.
Австралиялық лауазымдылар болса соңғы рапорттарында ұшақтағы жолаушы мен экипаждың ауасыз қалғаны себепті тұншыққанын алға тартқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар