Украина бейбітшілік жобасын атқармақ

Украинада бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстар жалғасып жатыр.

97433
Украина бейбітшілік жобасын атқармақ


Украина бейбітшілік жобасын атқаруға дайындалуда.
Украина Ұлттық Қауіпсіздік және Қорғаныс кеңесі президент Петр Порошенко төрағалығында бас қосты.
Петр Порошенко жиналыстың беташарындағы сөзінде Луганск мен Донецк аймақтарындағы жағдайға орай шұғыл күн тәртіппен бас қосқандарын айтты.
Прошенко дайындалған бейбітшілік жосбасының мазмұнын жиналыста талқылайтындарын білдіріп, «Бүгін жасалатын шешімдерге сай, бейбітшілік жобасын атқару процесі белгіленеді. Жобаны ағымдағы апта атқаруды үміт етудеміз» деді.
Шекара қауіпсіздігін қамдау арқылы атыстың тоқтайтынын білдірген Порошенко жобаланған атысты тоқтату процесінің шекті болатынын атап өтті.
Петр Порошенко Луганск мен Донецк аймақтарындағы оқиғаларды тыныштандырудың маңыздылығына да тоқталды.
Петр Порошенко Украина Қауіпсіздік күштерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілдірілуіне мәр берілетінін білдіріп, соңғы операциядан кейін шекарада басқаруы қолдан кеткен аймақтың көп сандысы қайтадан алынғанын айтты.
Петр Порошенко премьер-министр және парламент төрағасымен бірге атазаңға өзгерістер енгізу тақырыбында кеңескендерін білдіріп, атазаңға өзгерістер енгізу жобасына апта ішінде қол қойып, парламентке ұсынатынын және апта ішінде жобаның Венеция комиссиясына жолдауды үміт еткенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар