Сербияда жаңа үкімет құрылды

Александр Вучичтің 16 министрден тұратын жаңа кабинеті мәжілісте қабылданды

61426
Сербияда жаңа үкімет құрылды

Сербияда жаңа үкіметті құру үшін Серб Ілгерілеу партиясы төрағасы Александр Вучичтің 16 министрден тұратын жаңа кабинеті мәжілісте қабылданды.
Вучичтің тізімі 228 депутаттың 198-і тарапынан қабылданды. 250 депутаттан тұратын Сербия мәжілісіндегі дауысқа салуға 228 депутат қатысқан болатын.
Премьер-министр Вучичтің ант ішу рәсіміне президент Томислав Николич те қатысты. Вучич елді әділетті түрде басқаратынына уәде берді.
Жаңа үкіметті Сербия социалистік партиясы төрағасы Ивица Дачич Сыртқы істер министрі, босниялық Сербия социал демократ партиясы төрағасы Расим Лиаич те Сауда, телекоммуникация және туризм министрлігіне қайтадан тағайындалды.
Сербияда 17 наурызда өткен ерте сайлауда Александр Вучич басқарған Серб Ілгерілеу партиясы жеңіп шыққан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар