Соңғы кезеңдегі Түркия-Ресей ынтымақтастығы

Еуразия тынысы 26

524206
Соңғы кезеңдегі Түркия-Ресей ынтымақтастығы

Ресей президенті Владимир Путин Грекия сапарында Түркиямен ынтымақтастықты жетілдіргісі келгенін айтқан соң Түркия-Ресей арасында болымды жаңалықтар болды. Тараптар абайлап сөйлесе бастады және екі жақты ынтымақтастықты қайта орнату жөнінде жолдамалар жасады. Екі жақты және аймақтық саясат тұрғысынан Түркия мен Ресейдің міндетті түрде ынтымақтастықтарын ретке келтірулері керек. Алдымен екі жақты ынтымақтастық туралы соңғы кезеңде болып жатқан кейбір маңызды оқиғаларға көз жүгіртейік.

27-28 мамыр күндерінде Грекияға ресми сапармен барған Ресей президенті Владимир Путин Түркиямен ынтымақтастықты реттегілері келгенін жариялады. Путиннің мәлімдемелерімен байланысты Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ортақ жұмыс тобы құруды ұсынды.

31 мамыр күні Ресей Федерациясы Кеңесі Халықаралық ынтымақтастықтар комитеті мүшесі Игорь Морозов Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру үшін жұмыс тобына қажеттілік жоқ екенін атап, Түркияның кешірім сұрауының жеткілікті болатынын білдірді.

Владимир Путин 7 маусым күні Израиль-Түркия ынтымақтастығының бұрынғы қалпына түсуі үшін жүргізілетін келіссөздерге қолдау беретінін білдірді. Путин сондай-ақ Түрік ағымы немесе Оңтүстік ағым жобасынан бас тартпағандарын да жариялады.

Футболдан әлемнің шоқ жұлдыздары чемпионаты «Art-Futbol» аясында Ресейдің астанасы Мәскеуге келген әнші, телесериал ойыншылары, журналисттер және бұрынғы жетік футболшылар орын алған Түркия шоқ жұлдыздары командасы 9 маусым күні Сирия шекарасында құлатылған Su-24 соғыс ұшағы ұшқышының жанұясына көңіл айту хаты жолдады.

Сол күні Ресей Қаратеңіз флоты қолбасшысы Александр Витко Түркиямен арадағы дағдарыстың жойылуын үміт еткендерін атап айтты.Ресей флотына тиесілі бір әскери құтқару кемесі 11 маусым күні Босфор бұғазынан өткен кезде түрік жалауын көтерді. Түрік ұшағы 13-17 маусым күндері арасында Ресей әуе кеңістігінде ұшты. 12 маусым күні Түркия Мәскеудегі Түркия өкілетті елшісін өзгертті. Жарияланған өкілетті елшілер заңнамасында қарағанда Түркияның Мәскеудегі жаңа өкілетті елшісі Хүсейин Дириөз болды.

14 маусым күні президент Режеп Тайып Ердоғанның Путинге арнайы хат жазғаны жайлы жаңалықтар жарық көрді. Президент Ердоған  2015 жылы 24 қараша күні басталған ұшақ дағдарысының артынан тұңғыш рет Ресей президенті Владимир Путинге 12 маусым Ресей күніне орай құттықтау хатын жолдады. Премьер-министр Бинали Йылдырым да Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке ұқсас бір құттықтау хатын жіберді.

Ресейдің Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карлов 16 маусым күні президенттік сарайдағы ауыз ашарға қатысты. Сол күні премьер-министр Бинали Йылдырым «Жерорта теңізі мен Қаратеңізге көршілес бұл мемлекеттер арасында дұшпандық болмас. Бір оқиғаға бола ерегесу де дұрыс емес. Фотосуретке кеңінен қарауымыз керек. Халықтарымыз арасында кезкелген бір дұшпандық жоқ. Бұрынғы ынтымақтастығымызға қайтадан оралуға, тіпті одан да жетілдіруімізге болады. Ресеймен екі жақты қадамдар басылады. Дипломатиялық каналдар ашық. Құрметті президентіміз және Ресей президенті бұл оқиғамен байланысты алғашқы қадамды басты. Бұдан кейінгісі сәтті болады. Бір жақты достық болмайды. Біз ниетімізді ашық түрде ортаға қойдық, енді кезек дипломатияда» деп мәлімдеме жасады.

18 маусым күні Ресей президенті арадағы дағдарысқа қарамастан Түркияға табиғи газ ағысын бір күнге де болса, тоқтатпағандарын білдірді.

Мәскеудегі Назым Хикмет кітапханасында атақты орыс жазушысы, ақын және аудармашы Александр Тверской мен Назым Хикметтің ортақ шығармалары тақырыпты көрме ашылды.

Түркия Статистикалық мекемесінің көрсеткіштеріне қарағанда, 2016 жылдың алғашқы ширегінде Ресейге экспорт өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда, 60 пайыз азайып, 484,6 миллион долларға шегерілді. Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, сәуір айында Түркияға келген орыс турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 79,28 пайызға азайды. Ресей бір жыл толмастан құрылыс және азық-түлік салаларында Түркияға толық эмбарго жасай алмайтындарын атап көрсетті.

Түркия-Ресей ынтымақтастығында әрі экономикалық, әрі саяси, әрі әлеуметтік салада үлкен шығындарға себеп болған «ұшақ дағдарысы» жайлап шешілетін сияқты.

Қазірше онша жақсы болмаса да, тараптардың қатаң сөздерді тастағаны, шынында да ынтымақтастық қалағандарын айтуға болады. Мысалы Өкілетті елшіні өзгерту саясатты өзгерту тұрғысынан маңызды бір жолдама еді. Қазір тараптар халықаралық бір комиссия немесе «төреші ел» сияқты әдістерді іске қосып, екі жақты ынтымақтастықтарды ретке келтіруге тиісті. Осында ең маңызды міндет мемлекет басшыларына түседі.



Ұқсас жаңалықтар