Ресей президенті Путиннің Жапония сапары

Еуразия тынысы-52

636632
Ресей президенті Путиннің Жапония сапары

Ардақты тыңдаушылар, сіздер, Түркия үні радиосының «Еуразия тынысы» атты бағдарламасын тыңдап отырсыздар. Бүгінгі бағдарламада Ресей президенті Владимир Путиннің Жапония сапары  жайлы баяндап береміз.

Ресей президенті Владимир Путин Жапонияның Ресейге қарсы жасаған шаралары салдарынан кешіктірілген сапарын 15 желтоқсанда жасады. Путин екі күндік ресми сапарында алдымен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен Нагато қаласында кездесу өткізді. Кездесулер екінші күні Токиода кеңейтілген түрде жалғасты. Тараптар екі ел арасындағы экономика, әлеуметтік, саясат және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыптарды, Солтүстік Кореяны қамтыған халықаралық мәселелерді, Куриль аралдарының болашағы және басқа тақырыптарды қолға алды. Жиналыс нәтижесінде мәдениет, білім беру, қарым-қатынас, қауіпсіздік, энергия сынды салаларда 68 келісімге қол қойылды. Жиналыстан кейін екі ел лидерлері журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Путиннің  сапарынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды және 2+2 форматындағы кездесулерді қайтадан бастау тақырыбында келісімге барды. Басқа бір маңызды тақырып болса, орыс энергия алпауыты Газпромның Мицуи және Мицубисимен жасалған келісімдері болды. Газпром сонымен қатар Жапон халықаралық банкісімен де ынтымақтастық келісім жасады. Ресей президенті Владимир Путин мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ екі ел арасында атомдық энергия саласында бейбітшілік ынтымақтастығына бағытталған бір меморандумға қол қойды. Жасалған осы келісімдер екі мемлекеттің қарым-қатынастарын жаңа бір деңгейге көтеру ынтасының дәлелі ретінде қаралуда.

Путиннің Жапония сапары аясында екі ел лидерлері Токиода Жапония-Ресей Бизнес Форумына да қатысты. Владимир Путин сондай-ақ Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге Халықаралық Кодокан дзюдо институтын зиярат етті.

Путиннің 11 жылдан кейін жүзеге асырылған Жапония сапарының екі ел қарым-қатынастарының дамытылуы тұрғысынан өте маңызды екенін айтуға болады. Жапония батыспен бірге Ресейге инвестиция салудың орнына жұмсақ күшін қолдана отырып, Ресеймен қарым-қатынастарын дамытқысы келгенін паш етті. Сондай-ақ Куриль аралдары мәселесін шешкісі келгенін Путин сапарында тағы бір рет көрсетті. Сапар қарсаңында баспасөзге Куриль аралдары мәселесін шешуге болатынын мәлімдеген еді. Кездесуден кейін мәселенің шешімі емес, шешімге қарата тараптардың күшті ынта-жігерінің болғанын жөнінде мәлімдеме жасалды.

Екі ел арасындағы ең үлкен мәселе  Куриль аралдары мәселесі болып табылады. Жапонияның соңғы жылдарда осы мәселені шешуге ниетті екені баршаға аян. 2016 жылы 7 мамырда Сочиде екі лидер Куриль аралдары мәселесін қолға алған және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің 8 баптан құралған шешім жоспарына тоқталған. Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков өткізілген кездесумен байланысты Путин-Абэ кездесуінде Куриль аралдары мәселесінің байсалдықпен қолға алынғанын білдіріп, осы тақырыптағы кездесулердің сыртқы істер министрлері деңгейінде жалғасатынын жариялаған еді.

Путиннің Жапония сапарында тараптар Куриль аралдарында өмір сүрген азаматтардың шекарадан өтулері жөніндегі жұмыстардың жеңілдету тақырыбында келісімге барды. Токиода қол қойылған келісімдерге қарап, Жапонияның Ресейдің шығысына инвестиция салу арқылы қолын күшейткісі келгенін айта аламыз. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің мамыр айында жариялаған 8 баптан құралған шешім жоспарының мазмұнының Ресейдің шығысына инвестиция салу болғанын атап өте аламыз. Бұл жаңалықтар екі елге де пайдалы болмақ.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар