Түрік Республикаларының күн тәртібіндегі кейбір жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі - 63

2062675
Түрік Республикаларының күн тәртібіндегі кейбір жаңалықтар

2023 жылдың 31 қазан күні Ашхабадта «1-ші Орталық Азия - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) форумы» өтті. Форумға Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлеріне қоса ЕҚЫҰ Бас хатшысы қатысты. Форумда аймақтық қауіпсіздік және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2023 жылдың 1 қараша күні Ашхабадта «16-шы Орталық Азия – Оңтүстік Корея форумы» өтті. Форумға тиісті елдердің сыртқы істер министрлері қатысты. Форумда Оңтүстік Кореяның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен алдағы уақытта бірге жүргізілетін жүмыстар талқыланды. Форумның соңында бірлескен декларация қабылданды. Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов форумға келген қонақ министрлерді бөлек қабылдады.

2023 жылғы 1-3 қараша күні Ташкентте «Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 12-ші жиналысы өтті. Кездесудің соңында «Ташкент декларациясы» мен кейбір келісімдерге қол қойылды.

Франция президенті Эммануэль Макрон 2023 жылы 1-2 қараша күндері Қазақстан және Өзбекстанға ресми сапармен барды. Президент Макрон Астанада Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев және Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесулер барысында аталған елдер арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Кездесулер нәтижесінде Қазақстан мен Франция арасында 6, Өзбекстан мен Франция арасында 8 келісімге қол қойылды. Президенттер Қазақстан-Франция және Өзбекстан-Франция бизнес форумдарына қатысты. Қазақстан президенті Тоқаев пен Өзбекстан президенті Мирзиеев француз кәсіпкерлерімен де бас қосты. Франция президенті Өзбекстанның Самарқанд қаласына барды. Тақырыппен байланысты хабарда президент Макронның Орталық Азия елдеріне сапарының негізгі себебінің уран саудасы екені айтылды. Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орында. Африка елдері мен Ресейден уран импорттайтын Франция үшін бұл тұрғыда жаңа серіктестер табу өте маңызды сияқты. Өйткені Францияның француз тілін қолданған Африка елдерімен қарым-қатынасы әлсіреп барады. Украина дағдарысына байланысты Ресейден уран импорты кез-келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін.

2023 жылы 3 қараша күні Астанада Түрік мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті өтті. Саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия президенттері, Түрікменстанның қоғамдық істер жөніндегі басшысы мен Венгрия премьер-министрі қатысты. Саммиттің соңында 12 келісімге қол қойылды. Түрік мемлекеттері ұйымы Экономикалық ынтымақтастық ұйымына бақылаушы мәртебесін берді. Түркі республикаларының басшылары да көптеген өзара кездесулер өткізді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сахиба Гафарова 2023 жылдың 31 қазан-2 қараша күндері аралығында Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барды. 1 қараша күні Сахиба Гафарова Оңтүстік Корея Мәжіліс төрағасымен бас қосты.

Гагауз Автономиялық аймағы әкімшілігінің бір түрік компаниясымен арзан табиғи газ жеткізу келісіміне қол қоюы, Комрат пен Кишинев арасында дағдарыс тудырды. Молдова әкімшілігі Гагаузияның бұл арзан табиғи газын бүкіл елге тарата алатынын мәлімдеді. Молдова өткен жылы Ресейден көгілдір отын сатып алуды тоқтатып, елдегі энергия бағасы бірнеше есе өскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар