Еуразия тынысы 01

Еуразия аймағында 2013 жылы жүзеге асқан маңызды саяси жаңалықтар

70423
Еуразия тынысы 01

«Еуразия тынысы» атты жаңа бағдарламада Еуразия аймағының маңызды саяси оқиғаларын Түркия терезесінен талқылап, сіздерге ұсынатын боламыз. «Еуразия» ұғымы негізінде шекаралары нақты түрде белгіленбегендіктен аймақтық тұрғыдан жалпы Орталық Азия мен Еуропа мемлекеттері үшін қолданылады. 1990-шы жылдардың бастапқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия» атауын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері мен көрші елдер үшін қолданған болатын. Біз де бағдарламамызда «Еуразия» ұғымын осымен шектеп қолданамыз.
* * *
Бұл тарауымызда Түркияның Еуразия аймағымен ынтымақтастығы тұрғысынан өткен 2013 жылды қысқаша бағаландырамыз. Алдымен Еуразия аймағында 2013 жылы жүзеге асқан маңызды саяси жаңалықтарға назар аударайық.
Өткен жылы Қырғызстанның астанасы Бішкекте екі маңызды саммит жүзеге асты. Алдымен Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы бейресми басшылар саммиті 2013 жылдың 28 мамыр күні болып өтті. Кейін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Мемлекет басшылары саммиті 13 қыркүйек жұма күні ұйымдастырылды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Премьер-министрлер саммиті болса 2013 жылы 29 қараша күні Ташкент қаласында жүзеге асты.
24 қазан күні Белоруссияның астанасы Минскте Еуразия Жоғары Экономикалық Кеңес жиналысы өткізілді.
4-6 қыркүйек күндері арасында Ресей жаһандық көлемде бір жиналысқа қонақжайлық жасады. Санкт-Петербург қаласында «Үлкен 20 тобы елдері» саммиті жүзеге асты.
Өткен жылы Кавказ мемлекеттері жаңа елбасыларын сайлады: 18 ақпан күні Арменияда өткен елбасы сайлауында Серж Саркисян дауыстардың 58 пайызын жинап жеңіске жетті. 9 қазан күні Әзірбайжанда өткен елбасы сайлауында Әзірбайжан Елбасы Илхам Алиев дауыстардың 84,54 пайызын жинап қайта елбасы сайланды. 27 қазан күні Грузияда жүзеге асқан елбасы сайлауында 62,12 пайыз дауыс жинаған Грузияның түсі партиясының 44 жасар үміткері Георгий Маргвелашвили Грузияның жаңа елбасы болды.
Тәжікстан да 6 қараша күні елбасы сайлауы өткізіп, Елбасы Имамали Рахманды қайтадан елбасы ретінде сайлады.
2013 жылының 15 желтоқсан күні Түрікменстанда Мәжіліс сайлауы өтті және Түрікменстан 125 жаңа депутатын сайлады. Байқаған шығарсыз, Еуразия аймағында 2013 жылы сайлау жылы болды және бұрынғы елбасылардың көпшілігі өз орнын қорғады. Сондай-ақ аймақтық интеграцияны қамтамасыз еткен әдеттегі саммиттердің де 2013 жылы толық жүзеге асқанына куә болып отырмыз.
* * *
Енді Түркияның 2013 жылы Еуразия аймағымен жүзеге асқан ортақ жиналыс пен саммиттеріне көз жүгіртейік.
2013 жылдың алғашқы айында (25 қаңтар) Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Монғолстанның бірігуімен Бакуде «Еуразия әскери ережелі қауіпсіздік күштері ұйымы» құрылды. Символ ретінде «жылқы» қолданған бұл ұйымның қысқаша «ТАҚМ» болып аталады. Бұл атау Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Монғолстанның бас әріптерінен құралады.
26 сәуір күні Түркияның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына диалог ережесі алуын бекіткен қолдар қойылды.
10-12 маусым күндерінде Анкарада Түркітілдес мемлекеттер парламентар ассамблеясының 4-ші Жалпы кеңес жиналысы болып өтті.
21 маусым күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің 1-ші форумы ұйымдастырылды.
16 тамыз күні болса Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі 3-ші саммиті Әзірбайжанда өткізілді.
Жандос Асанов Түркітілдес мемлекеттердің парламентарлар ассамблеясына Бас хатшы ретінде тағайындалып, 1 қазан күні міндетін бастады.
20 жылдығын тойлаған Түріксой 31-ші кезекті жиналысын 01-03 қазан күндері арасында Анкарада жүзеге асырды.
Орталық Азия мен Еуропа құрлықтары тоғысқан аймақта орын алған және көп тұсты, өзара табыс ережесіне сүйенген сыртқы саясат жүргізген Түркияның 2013 жылы Еуразия аймағын назарсыз қалдырмағанын көру мүмкін. Өткен жылы Түркия Республикасы Елбасы Абдуллах Гүл, ТҰҰМ төрағасы Жемил Чичек және Бас министр Режеп Таип Ердоған аймақтағы көршілерімен көптеген жеке және делегация аралық кездесулер жүзеге асырды. Аймақ мемлекеттері арасында Түркиямен мәселелі Өзбекстан мен Арменияға да министр деңгейінде зияраттар ұйымдастырылды.
Түркия-Еуразия ынтымақтастығы тұрғысынан өткен жылы ең көп Бас министр Ердоғанның Ресей Елбасы Владимир Путинге жасаған «Бізді Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдаңыз, Еуропа Одағы қиыншылығынан құтқарыңыз» ұсынысы күн тәртібіне келді. Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу және Шаңқай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Түркияны Шаңқай ынтымақтастық ұйымында «диалог ортағы» қылған құжатқа 26 сәуір күні қол қойды. Саясат мамандары демократия және құқықтың үстемдігі тұрғысынан Шанхай ынтымақтастық ұйымына Түркияның мүшелігінің зиянды болатыны жөнінде пайым жасады. Дегенмен Елбасы Абдуллах Гүлден бастап, саясат қайраткерлері мен кейбір мамандар Шанхай ынтымақтастық ұйымының Еуропа Одағының баламасы еместігін, Түркияның енді көп тұсты сыртқы саясат жүргізгенін атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 24 қазан күні Белоруссияның астанасы Минскте жүзеге асқан Еуразия жоғары экономика кеңесі жиналысында Түркияның Еуразия Одағына қосылуын ұсынды. Бас министр Ердоған болса Ресейге жасаған зияраты барысында Еуразия мемлекеттерімен еркін сауда келісімі жасауға дайын екендерін мәлімдеді. Мамандардың көпшілігі 2015 жылы құрылуы жоспарланған Еуразия Одағына Түркия қосылған жағдайда, экономикалық тұрғыдан жаңа мүмкіндіктер ортаға шығатынын алға тартады.
* * *
Түркияның 2013 жылы мәдениет саласында да аймаққа бағытталған жұмыстарын табысты түрде жалғастырғанын атап өту керек. «Эскишехир 2013 Түрік әлемі мәдениет астанасы» ретінде табысты бір жыл өтті. Эскишехирде 21 желтоқсан күні ұйымдастырылған «Türkvizyon» ән байқауы 24 мемлекеттің әншілерін басын қосып тарихта қол таңбасын қалдырды.
Әрі Еуразия әскери ережелі қауіпсіздік күштері ұйымының құрылуы, әрі Түркияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына диалог ортағы ережесінің берілуі, Бас министр Режеп Таип Ердоғанның тиісті мәлімдемелеріне қоса бағаландырылғанда, 2013 жылы Түркияның Еуразия аймағына бағытталған саясаты тұрғысынан ұтымды бір жыл боп өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар