Қырымның Ресейге қосылуы және Қырым татарларының болашағы

Еуразия тынысы 62

256875
Қырымның Ресейге қосылуы және Қырым татарларының болашағы

Бұдан бір жыл бұрын Ресей Қырымды өзіне қосып алды. Ресейдің Қырымды өзіне қосатыны жайлы қауесеттер 2013 жылдың желтоқсан айында күн тәртіпке келе бастаған болатын. 2014 жылы ақпан айының соңында Киевте ереуілшілер мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыстарда 100-ге жуық адамның қаза табуы, Украина президенті Виктор Януковичтің елді тастап кетуі, батыс жақтаушыларының Азшылық халықтар тілі заңын күшінен жойып, орыс тілін ресми тіл мәртебесінен шығаруы және ең маңыздысы да Ресейдің Украинадағы оқиғаларға наразылығы қырымдықтардың референдум арқылы Ресейге қосылуына жағдай жасады. Енді қысқаша сол кездегі оқиғалардың қалай туындағанына көз жүгіртейік.
2014 жылы 22 ақпан күні Киевте билікті қолға түсірген батыс жақтаушылары елде жаңа президенттік сайлаудың 25 ақпан күні өткізілетінін жариялады. Бұл мәлімдеменің артынан Қырымның Севастополь қаласындағы мемлекеттік ғимараттарға Украина байрағының орнына орыс байрақтары тігіле бастады. Ертеңінде ресейшіл жікшілдер Қырымның мемлекеттік мәртебесімен байланысты референдум өткізуді талап етті. Халықтың тек қана 12 пайызын құраған Қырым татарларының наразылық білдіріп, шеруге шығуы жеткілікті болмады.
27 ақпан күні маскалы және қарулы адамдар Қырым парламенті ғимараты мен премьер-министрлік Бас ғимаратына басып кірді. Қарулы кісілер ертесіне әуежайдың бақылауын да қолға алды.
2014 жылы 11 наурыз күні Қырым парламенті тәуелсіздік декларациясын қабылдады және орыс рубліне көшкендерін жариялады.
Қырым парламенті алдымен 25 мамыр күні деп жарияланған, кейін 30 наурыз күніне алынған референдумді, 16 мамыр күні жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. 16 наурыз күні Қырымда өткен референдумның артынан 97 пайыз «Ресейге қосылу» шешімі қабылданды. 18 наурыз күні Кремльде Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуына қатысты келісім-шарт бекітілді. Осылайша Қырымның Ресейге аннексия кезеңі аяқталды.
* * *
Қырым аннексиясынан бері бір жыл өтті. Осы бір жылдың ішінде көп нәрсе өзгерді. Өзгермеген жалғыз нәрсе бар. Ол – Қырым татарларының жағдайының жақсартылмағаны және билікке наразылық көрсеткендерді басуға бағытталған шаралар. Ал Ресей татарларға көптеген уәделер берген болатын.
2014 жылы 11 наурыз күні Қырым парламенті Қырым татарларына үлкен уәделер берілген бір шешім қабылдады. 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин басқа халықтарға қоса, Қырым татарларына ‘Мемлекеттік қолдау көрсету туралы заңнаманы’ бекітті. Дегенмен берілген уәделер тек қағаз жүзінде ғана қалды. 3 мамыр күні Қырымның Бас прокуроры Наталья Поклонская Қырым Татар Мәжілісі басшыларының радикал жұмыстар жасағанын алға тартып, «Мәжілісті жабамын» деп қорқытты. Қырым татарларының сүргін жылдығын еске алу күндеріне тыйым салынды. Татарлардың үйлеріне басып кіру әрекеттері артты. Исмаил Гаспыралы атындағы Қырым татар халық кітапханасы жабылды. Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі 15 жылдан бері қызмет көрсеткен ғимараттан күштеп шығарылды және Мәжіліс жұмыстары тоқтатылып, тыйым салынды. Қырым премьер-министрі Сергей Аксенов Қырымның қосылуын мойындамағандардың дұшпан ретінде жарияланатынын білдірді және бұл тұлғаларды не Қырымнан айдайтынын, не болмаса түрмеге отырғызатынын мәлімдеді. Қырым татарларының ATR телеарнасына «радикалды іс-әрекет жасағандары» жөнінде жазбаша ескерту берілді. Қырым хабар агенттігінің қызметіне тыйым салу жөнінде шешім қабылданды. Барлық тосқауылдарға қарамастан Қырым татарларының алдымен елдегі сандарын арттыратын жұмыстарды бастауы қажетті.
Украинаға көшіп кеткендер қайта оралуға тиісті. Ресейдің әртүрлі аймақтарында өмір сүретін Қырым татарлары отандарына оралу керек. Түркиядағы Қырым татарлары да жылжымайтын мүліктер сатып алып, оларға қолдау бере алады. Қырым татарлары өзара біріксе, маңызды бір күшке айналады және халықаралық алаңда құқықтарын іздеу жұмыстары да жеңілдейтін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар