Украинада іске қосылған "атысты тоқтату" келісімі

Еуразия тынысы 60

230836
Украинада іске қосылған "атысты тоқтату" келісімі

12 ақпан күні Минскте Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин, Германия Канцлері Ангела Меркель және Украина президенті Петр Порошенко 16 сағаттан астам жалғасқан келіссөздердің артынан Украинада 15 ақпан күнінен бастап атысты тоқтату тақырыбында келісімге келді. 13 баптан тұратын келісім мәтіні кемшіліктерімен іске қосылды. Тараптар әдеттегідей кемшіліктер себепті бірін-бірі айыптауда. Атысты тоқтату келісімінің толық іске қосылып, қосылмайтыны тақырыбында барша абайлап сөйлеуде. Медиа салмақты түрде атысты тоқтатудың ұзаққа жалғаспайтынын, Минсктегі келіссөздерде Ресейдің ұтқанын жазуда.
12 ақпан күнгі келісім-шартта қамтылған басты тақырыптар былай: ауыр қарулардың майдан желісінен шығарылуы, жікшілдік шығарып отырған аймақтарға автономиялық ереже беру шешімінің Радада қабылдануы, жалпы кешірім жариялануы, тұтқындардың екі жақты еркін жіберілуі, Украинаның шығысындағы мемлекеттік шекаралардың Киевтің бақылауына берілуі және т.б. Осылардың жүзеге асуы үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Украина төрттігіне ауқымды жауапкершілік берілді. Алдымен атысты тоқтатумен байланысты өткен апта жүзеге асқан маңызды жаңалықтарға көз жүгіртейік.
Халықаралық валюта қоры төрайымы Кристина Лагард 12 ақпан күні Украинаға 40 миллиард долларлық пакет аясында алғашқы 17.5 миллиард доллар несиенің берілетінін жариялады.
Тақырыппен байланысты Керри болымды бір мәлімдеме жасады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Минскте жасалған келісім іске асқан жағдайда, Ресейге бағытталған санкцияларды жоюға дайын екендерін білдірді.
13 ақпан күні Брюссельде жиналған Еуроодақ саммитіне қатысып, атысты тоқтатумен байланысты басшыларға мағлұмат берген Украина президенті Петр Порошенко баспасөзге жасаған мәлімдемесінде «Келіссөздер қиын өтті және кезең жеңіл болады деп күтпейміз» деді. Сол күні Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкин келісімде орын алған кешірім бабының бөлшектеуші басшыларды қамтымағанын атап көрсетті.
Донецк парламенті төрағасы Андрей Пургин Financial Times газетінде орын алған бағасында «Минск келісімі әлі іс жүзінде емес. Қазірше Минск келісімі тек қана мәтіндерде қалды. Жоспар бойынша Минск келісімі сатылы түрде жүзеге асуға тиісті. Бір бап толығымен орындалған соң барып, кейінгі бапқа өтуіміз керек» деді.
Украинада радикал ұлтшыл ұйым Оңшыл Сектаның басшысы Дмитрий Ярош 13 ақпан күні елдің шығысындағы әскери операцияларға араласқан әскери қозғалыстың Минск келісімін танымағанын және «өз стратегиялық жоспарларына сәйкес белсенді түрде қақтығыстарды жалғастыру құқын» сақтағанын жариялады.
Еуроодақ болса атысты тоқтатудан онша үмітті емес. 13 ақпан күні Еуроодақ мемлекет және үкімет басшылары саммитінің артынан мәлімдеме жасаған Германия канцлері Ангела Меркель атысты тоқтатуға қарамастан мәселе жалғасқан жағдайда Ресейге қарсы жаңа санкциялардың іске қосатындарын мәлімдеді. Еуропа комиссиясының жаңалықтарды қадағалап, жаңа санкция пакетімен байланысты дайындықтарды бастайтынын атап айтқан Меркель мұның алдында шешім қабылданған кейбір санкция шешімдерінің болса 16 ақпан күнінен бастап іске қосылатынын атап көрсеткен болатын.
Президент Порошенко 14 ақпан күні «Егер бейбітшілік орнамаған жағдайда, ел көлемінде төтенше жағдай жарияланатын болады» деп мәлімдеді.
* * *
Жаңалықтар да көрсеткендей Минскте қабылданған атысты тоқтату келісімі қазірше Украина дағдарысының шешімі үшін онша үміт артпай отыр. Дегенмен жағдай ауқымды түрде қолға алынғанда басқаша бір шешім жолы да көрінбейді. Украина қарулы күштерінің жікшілдер алдында әлсірей бастауы және АҚШ-тың Киев әкімшілігіне қарулы көмек жіберу тақырыбын күн тәртібіне алуы басшыларды қозғады. Әрі Еуроодақ, әрі Ресей АҚШ-тың Украинаға кіруін қаламайды. Дағдарыстың одан да күрделенуінің екі тарапқа жақсылық әкелмейтіні баршаға мәлім. Әйтпесе Обама өткенде Киевте биліктің өзгеруіне көмектескендерін мойындады.
Бұл атысты тоқтатудың қыркүйек айында қабылданған атысты тоқтату келісімінен айырмашылығы тікелей келіссөздерге басшылардың қатысуы болып табылады. Сондай-ақ Украинадағы жағдай дағдарыстың одан да күрделенуін көтере алмауы мүмкін. Бұл атысты тоқтату келісімі сәл де болса үміт артады. Өйткені келісімде басшылардың қол таңбасы болмаса да, келісім баптарын тікелей өздері қадағалауда.
Келіссөздерде назар аударған тағы бір жайт Қырым мәселесін не Киев әкімшілігі, не болмаса Еуропа басшыларының күн тәртіпке әкелмеуі. Демек Қырым тараптар үшін мәселе болудан шықты.
Әрі Донбасстың ережесі, әрі жалпы кешірімнің ішкі мазмұны, сондай-ақ Ресей-Украина шекарасының бақылау мәселелері оңай шешілетін мәселелер емес.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар