Еуразия тынысы 20

Украина дағдарысы аясында Молдовадағы қазіргі жағдай мен елдің сыртқы саясаты

81795
Еуразия тынысы 20

* * *
Халқының 65 пайызы молдован, 14 пайызы украин, 13 пайызы орыс және 4 пайызы гагауз болған Молдова Республикасы жайлы жаңалықтар соңғы кездері жиі күн тәртібіне келуде. Осы жаңалықтар әсіресе Украина дағдарысы немесе Ресей мен батыс қарым-қатынастары аясында күн тәртібінде орын алып отыр. Осы себепті Молдованың сыртқы ынтымақтастығын қарастырғанымыз жөн. Алдымен соңғы кезеңде жүзеге асқан маңызды жаңалықтарға көз жүгіртейік.
Құрамында премьер-министр орынбасары және Ресей президентінің Транснистрия арнайы өкілі Димитрий Рогозин және Мәдениет министрі Владимир Мединский де бар орыс делегациясы 9 мамыр күні Транснистрияға барды. Делегацияның осы сапары мәселелі өтті. Украина мен Румыния делегациясын тасыған ұшақтың әуе кеңістігін пайдалануына рұқсат етілмеді. Молдова Сыртқы істер министрлігі Транснистрия тұрғындарынан Ресейге қосылу шақыруына қол қойғандардың Молдова заң органдары тарапынан тергеуге алынғанын жариялады. Рогозин болса Ресейге орала салып, аталмыш қолтаңбаларды Мәскеуге жеткізгендерін, Кишиневтің провокациясының өзара ынтымақтастық үшін маңызды мәселелер туғызатынын, келесі жолы Транснистрияға стратегиялық жойғыш ұшақпен баратынын жариялады. Халқының 60 пайызын орыс және украиндер құраған және Ресейге қосылғысы келген Транснистрия 1990 жылдан бері «мәселелі аймақ» ретінде қабылданады. Ресей президенті Владимир Путин 17 сәуір күні азаматтарының сұрақтарына жауап қайтарғанда Молдова мен Украинаның Транснистрия Республикасына бағытталған қоршауды жоюды талап етіп, «Адамдарға өз тағдырларын белгілеу хақы беру керек. Ортақтарымызбен бірге Транснистрия Республикасында өмір сүрген адамдардың қазіргі жағдайы назарға алынып, дәл осы тақырып жайлы жұмыстарды жүргіземіз» деген болатын.
Транснистрия Республикасы басшысы Евгений Шевчук сәуір айының басында «Арманымыз – Ресеймен бірге тәуелсіз және тыныш бір Транснистрия мемлекеті құру. Молдовалық саясатшыларға жауапкершілік алып, жағдайдың заңдық тұрғыдан анықталуы жайлы қажетті қадамдарды басуын және Транснистрия Республикасын тануын ұсынамыз. Бөлінуіміз Чех Республикасы мен Словакия үлгісінде болу керек. Молдова әкімшілігі өз жолын жалғастырсын. Еуропа Одағы, НАТО немесе Румынияны таңдауы мүмкін» деген болатын.
Молдованың оңтүстігінде өмір сүретін болгар азсандыларының тән Тараклия қаласының әкімі Сергей Филипов болса орталық үкіметті сынға алып, Гагауз автономиялық аймағына бағынуды ойлағандарын айтты.
Орыс медиасының жазғандарына қарағанда, Молдовада орыстардың «Равноправийе» ұйымы Украинаның уақытша президенті Турчиновқа хат жазып, Украинадағы орыстарға жасалған зұлымдықтың тоқтатылуын, әйтпесе 4 мың қарулы молдованның Украинаға орыстарды қорғау үшін жіберілетінін білдірген болатын.
Молдова социалистік партиясы елдің Еуразия Кеден Одағына қосылу үшін қол жинай бастады. Баршаға мәлім Гагауз Автономиялық Республикасы 2 ақпан күні референдум ұйымдастырып, Ресейдің басшылығында құрылған Еуразия Экономикалық Одағының бөлшегі ретінде Кеден Одағына қосылу жөніндегі көзқарас білдірген болатын. Басқа жағынан ЕО мен Молдава арасында визасыз саяхат 28 сәуір күнінен бастап іске қосылды. Молдова Шығыс ортақтығы құрамында орын алған және виза жеңілдігі тақырыбында барлық талаптарды орындаған тұңғыш ел болды.
Молдова президенті Николай Тимофи 6 мамыр күні Англия сыртқы істер министрімен кездесуінде Ресейдің қысымдарына қарсы батыс мемлекеттерінен қолдау сұрады.
* * *
Жоғарыдағы жаңалықтарды назарға алғанда, Молдованы жақсы келешек күтпейтінін, Молдова арқылы Ресей мен батыс арасындағы дағдарыстың алдағы кезеңде артатынын айтуға болады. Молдованың жағдайы Украинаның жағдайына ұқсас. Бір жақта батыс жақтастары, басқа жақта Ресей жақтаушылары күресіп отыр. Сондай-ақ Молдова Украина сияқты кейбір салаларда экономикалық тұрғыдан Ресейге бағынышты.
Қараша айында өткізілуі жоспарланған парламент сайлауы ел көлемінде және шетелдегі тараптар арасында қызу өтетін сияқты. Ресей осы бағытта тұңғыш қадамын өткен жылы басқан болатын. Ресей өткен жылы қыркүйек айында Молдовадан шарап импортын шектеуге шешім қабылдады. Осыдан қысқа уақыт өткен соң жарты миллион молдован жұмысшыларының 20 мыңына виза берілмеді. Еуропа Одағы да 28 сәуір күні молдовандарға виза жеңілдігі жасады. Германия мен Англия Сыртқы істер министрлері 24 сәуір күні Молдоваға зиярат жасап, қаншалықты қолдау беретіндерін мәлімдесе де, Молдованың Еуропа Одағына қосылуы немесе батысқа шегінуі тақырыбында қазірше батыста саяси көзқарас қалыптасқан емес. Іште Ресей жақтаушылары, сыртта шетелдегі орыстардың құқықтарын қорғайтынын алға тартқан Ресей қарашадағы сайлауды күтеді. Украина сияқты Молдова да ішкі соғысқа итермеленетін болса, халықаралық саясаттың күн тәртібін Шығыс Еуропа жағрапиясы анықтайтын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар