Еуразия тынысы 13

Ниғде Университетінде жүзеге асқан І.Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумын қолға аламыз.

81698
Еуразия тынысы 13

І. Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы Ниғде университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті және Ресей Федерациясына қарасты Башқұртстан Республикасының Муфтахеттин Акмулла атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті тарапынан 2014 жылы 18-21 наурыз күндері арасында Ниғде қаласында өткізілді. Симпозиумнің ұйымдастыру жұмыстарын Ниғде университеті құрамындағы Қашқарлы Махмуд Ұйғыр-Қытай зерттеулері Орталығы көтерді. Шетелден 300, ел көлемінен 100-ден астам ғалым симпозиумға баяндамаларымен қатысты. Баяндамалар түрік тіліне қоса, басқа түркі тектес тілдерде және ағылшын тілінде оқылды. Түркітектес Республикалардан бастап, ондаған мемлекеттен ғалымдар Ниғде қаласына келді. Симпозиум іс-шаралары арқылы Қазақстанның ғылым әлемі Түркияға үлкен делегациямен келді.
Ниғде университеті Әдебиет факультеті конференция залында жүзеге асырылған салтанатты ашылу мерәсімінде Ниғде университетінің ректоры профессор док. Аднан Гөрүр, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті ректоры профессор док.Динар Нөкетаева, Башқұртстан Республикасының Муфтахеттин Акмулла атындағы педагогикалық университетінің аға оқушысы доцент док. Заки Алибаев ашылу баяндамаларын оқыды. Ректорлар мен ректор уәкілдері ашылу баяндамаларында симпозиумнің ғалымдар және тиісті мекемелер арасында келешекте ынтымақтастық орнатуға іргетас қалайтынын, университет аралық өзара академиялық келісім-шарттардың іске қосылуы ретінде көргендерін атап көрсетті. Дарданель жеңісінің 99 жылдығы себепті симпозиумды әсіресе 18 наурыз күні бастауды жөн көргендерін баяндаған Ниғде университеті ректоры профессор док.Аднан Гөрүр симпозиумның жабылу мерәсімін де 21 наурыз мерекесіне дөп келтіріп, қос мереке тойлауды нысанаға алғандарын айтты.
Симпозиум себепті Ниғде университеті мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті арасында «Қос диплом бағдарламасы» хаттамасына қол қойылды. Магистратура және докторантураға қатысты бұл «Қос диплом бағдарламасы» арқылы әр екі мемлекет халқының тарихтан келген, қазіргі таңда жалғасып жатқан мәдени және бауырластық ынтымақтастығын арттыруға қоса, Магистратура мен докторантура саласында білім беруде ықпалдастықты өзара жандандыру нысанаға алынады.
* * *
Соңғы кездері Еуразия жағрапиясы мемлекеттерінде Түрік әлеміне бағытталған әртүрлі жұмыстар артуда. Өткен ай Түркітектес мемлекеттердің Жазушылар Одағы құрылды. Түрік дүниесі мәдениет астанасы Эскишехир тамаша бір жыл өткізді. Ниғдеде жүзеге асқан І.Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы болса құрамындағы бірнеше ерекшелік себепті назарға алатын бір шара болады. Алдымен симпозиумға әжептәуір деңгейде ұсыныс түскенін атап өту керек. Симпозиум ұйымдастыру Кеңесінің мәлімдемесіне қарағанда симпозиумға қатысу үшін 817 ұсыныс келіп түскен. Сондай-ақ баяндамасы қабылданған қатысушылардың төрттен үш бөлігі шетелден өз мүмкіншіліктерімен келген. Бұл да түрік әлемінің болашағы тұрғысынан қуантатын бір жайт.
Симпозиумда баяндамалар тарихта із қалдырған Билге Қаған, Қашқарлы Махмуд, Әлішер Науаи сияқты даналардың аттары берілген залдарда, ХХ. ғасырға қолтаңба қалдырған Исмаил Гаспыралы, Шоқан Уәлиханов, Шыңғыс Айтматов сияқты ұлы тұлғаларға арналған отырыс атауларымен жүргізілді. Кішігірім бір деталдай көрінсе де, Еуразияның жан-жағынан келген ғалымдар арасында ортақ сананы орнату, бауырлас халықтардың ұлы тұлғаларын танып білу тұрғысынан залдар мен отырыстарға осы атауларды беру аса маңызды.
Баяндамалардың тақырыптары мен мазмұндары назар аударған басқа бір жайт - қатысушы ғалымдардың көпшілігінің өз мемлекеті, өз аймағынан басқа мәселелер жайлы баяндамалар ұсынулары. Сондай-ақ бұл баяндамалардың көпшілігі салыстырмалы әдіс пайдаланылған жұмыстар болатын. Бұл да өте қуантатын бір жайт. Демек ғалымдарымыз енді зерттеу жасау үшін жері-жұртынан шығып, олардың тілін, әдет-ғұрпын және ерекшеліктерін үйрене отырып, жинақтайды және осыларды өз білгендерімен салыстырады. Осы тұрғыдан Түркия Республикасы тарапынан 2011 жылы басталған университет аралық Мәулана алмастыру бағдарламасын одан жақсы таныту керек деп ойлаймын. Түріктердің «Эрасмусы» ретінде Мәулана алмасу бағдарламасы келесі жылдары ғалымдар мен болашақтың ғалымы болатын жастарға үлкен мүмкіншілік туғызады.
Саясаттанушы мамандар мемлекетаралық ынтымақтастықты экономикалық негізге құрған жағдайда, өте мықты дамитынына назар аударады. Негізінен осы жайт екі жақты ынтымақтастықтардың күшеюі тұрғысынан жалғыз өзі жеткілікті емес. Қазіргі божамдарға қарағанда ынтымақтастықтардың стратегиялық ортақтық деңгейінде қалуы үшін қарым-қатынастардың мықты болуы керек. Ниғде қаласында жүзеге асқан симпозиум сияқты организациялар ортаның күшеюіне үлес қоса отырып, келешек жайлы маңызды жол картасы болады. Симпозиумның екіншісі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде өткізілетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар