Бакуде ауызашар дастарханы
Жастарға көмек қоры Рамазан айы бойы күн сайын 150 адамдық ауызашар дастарханын жаяды.
Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде Жастарға көмек қоры ауызашар дастарханын жайды.
Ауызашарда осы елде қызмет ететін түрік мекеме мен ұйымдарының өкілдері бас қосты.
Ауызашарға Түркияның Баку өкілетті елшілігінің кеңесшілері, Түркия Ынтымақтастық және координация басқармасы мен Жүніс Эмре институты өкілдері, іскерлер және әзірбайжандық азаматтар қатысты.
Жиында алдымен Құран оқылды, артынан қонақтарға дәстүрлі Әзірбайжан тағамдары ұсынылды.
Ауызашарда Ислам әлеміндегі қиыншылықтар, Ирак, Сирия және Палестинадағы қақтығыстар сөз болды. Қақтығыс болып жатқан елдердегі мұсылмандардың көмекке мұқтаж екендері атап көрсетілді.
Жастарға көмек қоры Рамазан айы бойы күн сайын 150 адамдық ауызашар дастарханын жаяды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған мен Әлиев Анкарада бас қосты
Кездесуде Израильдің Газа секторына жасаған қырғынынан бастап көптеген тақырып талқыланды.
Ильхам Әлиев Түркияға жұмыс сапарымен келді
Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға жұмыс сапарымен келді.