Әзірбайжан-Армения майдан шебінде кикілжің

Екі жақ та шекараға жақын аймақтарда әскери жаттығу жасады

63520
Әзірбайжан-Армения майдан шебінде кикілжің

Аймақта жиі-жиі оқ атуды доғару келісімі бұзылып тұр.
Екі елдің шекараға жақын аймақтарда әскери жаттығу жасауы кикілжіңді одан әрі өршітті.
Алдымен Әзірбайжан қарулы күштері Нахечиванда әскери жаттығу жасады. Бұған жауап ретінде Армения армиясы да әрекетке кірісті.
30 сәуірде Армения әскери жаттығуға бастады. Бұл әскери жаттығуға жаяу әскер бөлімшелері мен ауыр артиллерия қатысты. Арменияның әскери жаттығуының басып алынған Агдам аймағында жасалуы Әзірбайжанның ашу-ызасын туғызды. Осыған байланысты Әзірбайжан қарулы күштері 1 мамырда майдан шебінде қайтадан әскери жаттығу жасады. Бұған 4000-нан астам жаяу әскер, ауыр артиллерия бөлімшелері мен әуе қорғаныс күштері қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар