Әзербайжанда бұрынғы тұтқын 3 полиция қызметкерін өлтірді

Ішкі істер министрлігі оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

2155357
Әзербайжанда бұрынғы тұтқын 3 полиция қызметкерін өлтірді

Әзербайжанда іздеу жарияланған бұрынғы тұтқын 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғынды өлтірді.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде бас қала Бакуге қарасты Шүвелан ауданында бұрын талай рет сотталған және өзіне іздеу жариялаған Ровшен Аллавердиевтің оны ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарумен қарсылық көрсеткені хабарланды.

Отбасы мүшелерін өзіне қалқан ретінде пайдаланып қашуға тырысқан Аллавердиевтің қауіпсіздік топтарына мылтықпен оқ жаудырғаны атап көрсетілген мәлімдемеде оқиға салдарынан 3 полиция қызметкері мен бір азаматтың қаза тапқаны айтылды.

Мәлімдемеде Аллавердиевтің топтар тарапынан залалсыздандырылған оқиғамен байланысты тергеу басталғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар