Ердоған 7-ші Халықаралық мейірімділік марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент Ердоған «Егер сионистік экспансионизм осылай жалғаса берсе, барша бәлем жаңа қақтығыстарға кіреді» деді.

2143111
Ердоған 7-ші Халықаралық мейірімділік марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған 7-ші Халықаралық мейірімділік марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына кең орын берген Ердоған  «Біз 76 жыл бойы (Израиль құрылғаннан бері) өз үйлері мен отандарына оралуды армандаған палестиналық бауырларымыздың алдында жауапкершілігіміз бар. Оларды елемеуге болмайды» деді.

Ердоған «Батыс алпауыт күштері Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың артында тұрған жағдайда, Палестинада қырғындардың алдын алу мүмкін емес» деді.

Ердоған «Қатыгездік салдарынан ашық аспан астындағы аурухана болған Газаны соңғы 229 күнде үлкен балалар зиратына айналдырды. Біздің санамызды ешкім мазақ етпеуі керек» деп көрсетті.

Президент Ердоған «Егер сионистік экспансионизм осылай жалғаса берсе, барша бәлем жаңа қақтығыстарға кіреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар