Ердоған Израильдің қырғындарды дереу тоқтатуы керектігін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің қырғындарды дереу тоқтатуы керектігін айтты.

2153760
Ердоған Израильдің қырғындарды дереу тоқтатуы керектігін айтты

Президент РежепЕрдоған Құрбан айт мерекесіне орай өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясының (АК партия) ұйымына бейнеконференция жүйесі арқылы сөз сөйледі.

Құрбан айттың жаулап алынған Палестина жерлерінде адамзат атынан масқара қырғындар жасалып жатқан уақытта тойланғанына назар аударған Ердоған «Геноцидші Израиль әкімшілігінің зұлымдықпен шейіт болған 38 мың бауырымыздың  азабы ұлт және үммет ретінде жүрегімізді жаруда. Газадағы қырғынға наразылық көрсету тек мұсылмандық ғана емес, сонымен бірге адамдық міндетіміз» деді.

Президент Ердоған «Әлем Израильдің қанқұмарлығына қарсы сақтық шараларын жасап, күн сайын жаңасына куә болып отырған қырғындарды дереу тоқтатуы керек» деген.

Ердоған Түркия ретінде аймақта тұрақты бейбітшілік орнату және геноцидке жауаптыларды жауапқа тарту үшін барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып жатқандарын мәлімдеді.

Президент Ердоған Палестина мемлекетін мойындаған елдер санын одан әрі арттыру үшін жұмыс істеп жатқандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар