Нетаньяху арандатушылары TRT журналисттеріне  тіл тигізді

Израильде тұтқындарды айырбастауды талап еткен мыңдаған шерушілер премьер-министр Беньямин Нетаньяху резиденциясының алдына жиналды.

2153766
Нетаньяху арандатушылары  TRT журналисттеріне  тіл тигізді

Израильде баспасөз өкілдеріне шектеулер күшейіп жатқанымен, арандатушылықтарын жалғастырған ұшқары еврейлер де баспасөз өкілдеріне өз міндеттерін орындауға кедергі жасауда.

Израильде тұтқындарды айырбастауды талап еткен мыңдаған шерушілер премьер-министр Беньямин Нетаньяху резиденциясының алдына жиналды.

Нетаньяхуды қолдайтын арандатушылар ереуілді сол жерде бақылаған Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) журналисттеріне  тіл тигізді.

Израильдік арандатушы TRT камераларын қолымен жабуға тырысты, содан кейін жерден баннерді алып, камераның суретке түсуіне кедергі жасады.

ТРТ командалары бұрын өз міндеттерін орындау кезінде Израиль тарапынан физикалық араласуға ұшыраған.

Сәуір айында Израиль Газаның орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагерінде TRT Arabi тобына шабуыл жасады. Шабуылда TRT Arabi операторы Сами Шехаде ауыр жарақат алған.

Израиль полициясы басып алынған Шығыс Иерусалимде жұмыс істейтін ТРТ топтарын жиі нысанаға алды. Қараша айында әл-Ақса мешітінде тікелей хабар тарататын ТРТ тобына тосқауыл қойып, ТРТ камерасын сындырды.



Ұқсас жаңалықтар