Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

2154003
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімеде премьер-министр Пашинян президент Ердоғанды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Ердоған Пашинянға Арменияның солтүстік аймақтарында болған су тасқынынан қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Әңгіме барысында екі лидер Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды алдын ала шартсыз толық қалпына келтіруге саяси ерік-жігерлерін баса айтты.

Екі елдің арнайы өкілдері арасындағы келіссөздердің жалғасуының маңыздылығына назар аударған Ердоған мен Пашинян осы уақытқа дейін келісілген мәселелерді қуаттады.

Лидерлер Түркия мен Арменияның жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы жалғасып жатқан диалогты қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен қатар аймақтағы соңғы оқиғалар мен халықаралық күн тәртібін талқылады.



Ұқсас жаңалықтар