Гезеравжының Жерге оралуы тағы да кейінге шегерілді

«SpaceX» компаниясының мәлімдемесінде Флорида жағалауындағы ауа райының қолайсыз екені айтылды.

2097198
Гезеравжының Жерге оралуы тағы да кейінге шегерілді

«Dragon» (Айдаһар)  ғарыш кемесі мен Axiom-3 (Ax-3) экипажының, оның ішінде Түркияның алғашқы ғарышкері Алпер Гезеравжының Жерге оралуы тағы да кейінге шегерілді.

«SpaceX» компаниясының мәлімдемесінде Флорида жағалауындағы ауа райының қолайсыз екені айтылды.

Мәлімдемеде «Айдаһар» капсуласының Халықаралық ғарыш станциясынан шығуы үшін ең ерте күннің 6 ақпан сейсенбі күні жоспарланғаны білдірілді.

Тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасаған Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр «Түркияның алғашқы ғарышкері Алпер Гезеравжыны қарсы алу үшін тағы біраз күтеміз» деді.

Ғарышкер Гезеравжы мен топтың сапары шамамен 13 сағатқа созылады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар