Виза жеңілдігі үшін келіссөздер жалғасып жатыр

Хакан Фидан Еуропа Одағының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархелимен кездесті.

2143532
Виза жеңілдігі үшін келіссөздер жалғасып жатыр

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Еуропалық Одақ (ЕО) мекемелерімен виза жеңілдігі үшін келіссөздердің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Хакан Фидан бас қала Анкараға ресми сапармен келген Еуропа Одағының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархелимен ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.  Түркия мен ЕО қарым-қатынастарын кеңінен қарастырғандарын атап көрсеткен Фидан «Біз Вархелимен Түркияның үміткер ел мәртебесін және кеңеюге қатысты мәселелерді талқыладық. Кедендік одақты нақты жаңарту қажет. Бұл туралы принципті түрде келістік» деді.

«Еуроодақ пен Түркия арасындағы виза жеңілдігіне қатысты қалған мәселелерді аяқтау үшін жұмысымызды жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз – ЕО-мен визаны либерализациялау бойынша келіссөздерді толығымен бастау» деді министр.

Фидан соңғы кездері Еуроодақта визаға қатысты күрделі мәселенің бар екеніне назар аударды.

«Біз бұл мәселені еуропалық әріптестерімізбен біраз уақыттан бері талқылап келеміз. Еуропалық Одақ елдерімен тікелей сөйлесіп жатырмыз және бұл мәселені ЕО институттарымен, әсіресе іскер адамдар мен студенттеріміз үшін визаларды жеңілдету үшін жұмыстанудамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар