Никос Дендиас Түркияның кеме жасау саласын мақтады

Грекияның Қорғаныс министрі Никос Дендиас Түркияның кеме жасау саласында үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізгенін айтты.

2143785
Никос Дендиас  Түркияның кеме жасау саласын мақтады

Грекияның Қорғаныс министрі Никос Дендиас Түркияның кеме жасау саласында үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізгенін, Грекия теңіз күштерінің экономикалық дағдарыс кезінде бұл жағынан артта қалғанын білдірді.

Никос Дендиас қорғаныс инновациялық орталығын құру мәселесі бойынша парламентте дауыс беру алдында сөйлеген сөзінде Қарулы Күштердің қажеттіліктеріне тоқталды.

Дендиас өз сөзінде Түркиядағы кеме жасау саласындағы жетістіктер туралы былай деді: «Түркия шынымен де кеме жасау мен шикізат алуда үлкен өріске енді. Грекия әрқашан теңізде үстемдікке ұмтылды, тіпті ежелгі дәуірде де осындай болған. Әскери-теңіз күштері модернизацияны қажет етеді. Дағдарыс жылдарында көп артта қалдық. Біз платформаларымыз бен жүйелерімізді ұстауға ақша таба алмадық. Енді осыны толықтару керек».



Ұқсас жаңалықтар