Түркия-Венесуэла қарым-қатынасы дамуда

Хакан Фидан Түркия-Венесуэла қарым-қатынастарының әр салада ілгерілеп жатқанына назар аударды.

2143593
Түркия-Венесуэла қарым-қатынасы дамуда

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия-Венесуэла қарым-қатынасының әр салада ілгерілеп жатқанына назар аударды.

Фидан «Әсіресе Түркия ретінде Венесуэла біздің Латын Америкасы мен Кариб бассейні кеңеюіміздің орталығында» деді.

Хакан Фидан Түркия-Венесуэла ортақ ынтымақтастық комиссиясының төртінші отырысынан кейін Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Гилмен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Венесуэланың әртүрлі қоғамдық мекемелері мен министрліктерінен құралған делегацияның Түркияда министрліктермен кездескенін атап көрсеткен Фидан, бұл делегацияның өздері құрған 6 комиссиядағы жұмысын аяқтағанын білдірді.

Фидан екі мемлекет арасында маңызды болып табылатын әртүрлі мәселелердің, әсіресе энергетика, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, туризм, білім, спорт және денсаулық сақтаудың жүйелі түрде талқыланғанын айтып, «Бұл комитеттер бір апта бойы жұмыс істеді және біз 9 келісіммен жұмысымызды аяқтадық» деді.

Фидан Түркия-Венесуэла қарым-қатынастарының әр салада ілгерілеп жатқанына назар аударып, «Әсіресе Түркия ретінде Венесуэла Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі бастамамыздың орталығында» деді.



Ұқсас жаңалықтар