Ердоған береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Ердоған ел астанасы Анкарада өткен ұлттық ақын Мехмет Акиф Эрсойды еске алу шарасында сөз сөйледі.

2080705
Ердоған береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған зұлымдық алдында үнсіз қалатын тілсіз шайтандардан болмайтындарын, әсіресе Газада өлтірілген, қырғынға ұшыраған және қысым көрген халықтар үшін әділдік пен әділеттің жағында болуды жалғастыратындарын білдірді.

Президент Ердоған ел астанасы Анкарада өткен ұлттық ақын Мехмет Акиф Эрсойды еске алу шарасында сөз сөйледі.

Ердоған Израильдің Газада 7 қазаннан бері жалғасып жатқан қатыгездігіне «Енді тоқта» деп жауап берген жастарды тағы да құттықтады.

Ердоған терроризммен күреске де тоқталды.

Президент Ердоған «Бәрі бұған сенімді болуы керек. Тәуелсіздігімізге қарсы шабуылдар жасалса жасалсын, біз болашағымызды қорғай береміз» деді.

Президент Ердоған  өз сөзінде біреке-бірлік пен ынтымақ жайлы үндеу тастады.

Ердоған «Түркия біздің ортақ Отанымыз. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүрудеміз. Бауырласпыз. Түрікмен, күрд, суннит және алеви қатарлы 85 миллион халық ретінде бәріміз бір кілемдегі өрнектерміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар