Ердоған Үлкен жетілік  көшбасшылар  саммитіне қатысады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның сөз сөйлеуінің негізгі күн тәртібі «Газа» болмақ.

2152854
Ердоған Үлкен жетілік  көшбасшылар  саммитіне қатысады

Құрамында Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Жапония, Канада, Германия, Франция, Италия және Ұлыбританиядан тұратын экономикасы ең дамыған жеті елдің (Үлкен жетілік) басшылары кеше Италияның ұйымдастыруымен өткен саммитте бас қосты.

Үлкен жетілік  көшбасшылары  саммитінде Израильдің Газадағы қырғыны, Ресей-Украина соғысынан туындаған жаһандық мәселелер мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері, халықаралық энергетика және азық-түлік секторларындағы мәселелер талқылануда.

Тұрақты даму мен экономикалық ынтымақтастық мәселелері де күн тәртібінде тұр.

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін саммитке арнайы қонақ ретінде қатысады.

Ердоғанның сөз сөйлеуінің негізгі күн тәртібі «Газа» болмақ.

Президент Ердоған Түркияның Газада тұрақты атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін жасаған дипломатиясы мен гуманитарлық көмегіне тоқталып, Израильдің Газада 8 ай бойы жасаған қырғынға әлемнің үнсіз қалғанына назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар