Ердоған қабылдаған шаралардың оң әсерінің нарықта сезілгенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған қабылдаған шаралардың оң әсерінің нарықта сезілгенін айтты.

2075241
Ердоған қабылдаған шаралардың оң әсерінің нарықта сезілгенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Елорда Анкарада Мемлекеттік гидротехникалық жұмыстар басқармасы тарапынан бітірілген 369 нысанның жаппай ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Ердоған бүгінге дейін әрқашан жұмыс және  қызмет  істегендерін білдірді.

«Қазан айындағы жұмыс күшінің статистикасы дұрыс жолда екеніміздің белгісі» деген Ердоған былай деді: «Жұмыссыздық деңгейі қазан айында 8,30 пайызға дейін төмендеп, өткен аймен салыстырғанда жарты ұпайға төмендеді. Ал жұмыс істейтіндер саны өткен аймен салыстырғанда 246 мың адамға артып, осы кезеңде 31 миллион 835 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіштер 2012 жылдың қарашасынан бері жұмыссыздық деңгейіндегі ең төменгі деңгейге жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар