Израильдің Газаға жасаған шабуылдары мыңдаған адамның өмірін қиды
Германияның «Welt» газеті Ердоғанның «Нетаньяху Газа қасапшысы ретінде тарихқа енді» деген мәлімдемесін жариялады.
Президент Режеп Тайып Ердоған өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында сөйлеген сөзінде Израильдің Газадағы қырғындарына наразылық білдірді.
«Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өз есімін Газа қасапшысы ретінде тарихқа жазып үлгерді» деген Ердоғанның сөздері әлемдік баспасөзде кеңінен орын алды.
Орталығы Францияда болған «France 24 телеарнасы» Президент Ердоған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды «Газаның қасапшысы» деп атады.
Грекияның «Та Неа» газеті де хабарын «Ердоған Нетаньяху үшін Газа секторының қасапшысы ретінде тарихта қалады» деген тақырыппен берді.
Израильде шығатын «Ynet news» газеті: «Президент Ердоған Газа секторындағы атысты тоқтатуды ұзартуға шақырып, Нетаньяху өз атын «Газа қасабы» ретінде тарихқа жазып қойғанын айтты.
Германияның «Welt» газеті Ердоғанның «Нетаньяху Газа қасапшысы ретінде тарихқа енді» деген мәлімдемесін жариялады.
Францияның «AFP» ақпарат агенттігі де Ердоғанның Нетаньяхуды «Газаның қасапшысы» деп атағанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.