Президент Ердоған Қазақстанға аттанды

Түркі Мемлекеттері Ұйымының 10-шы саммиті Қазақстанның Астана қаласында өтеді.

2059080
Президент Ердоған Қазақстанға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі Мемлекеттері Ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Қазақстанға аттанды.

Президент аппаратының Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған 2-3 қараша күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада «Түрік дәуірі» тақырыбымен өтетін саммитке қатысады.

Ұйымның кезекті төрағалығы Өзбекстаннан Қазақстанға өтетін саммитте басшылар ұйым құрамында ынтымақтастықты одан әрі арттыруға бағытталған күш-жігерді талқылайды.

Басшылар 3 қараша күні өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасатын отырыста қатысушыларға үн қататын президент Ердоғанның басшылармен де өзара кездесуі жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар