Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясына барады

Фидан алдымен Ливанда болады.

2051852
Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясына барады

Түркия Израильдің Палестинадағы зорлық-зомбылығын тоқтату үшін дипломатиялық әрекеттерін жалғастыруда.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бүгін Ливанға, одан кейін Сауд Арабиясына барады.

Министр Фидан алдымен ливандық әріптесі Абдалла Бухабибтің шақыруымен Ливанға барады. Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, аймақтық және жаһандық оқиғалар талқыланады деп күтілуде.

Сыртқы істер министрі Фиданның екінші аялдамасы Сауд Арабиясының Жидда қаласы болады.

Министр Фидан осында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Атқару комитетінің отырысына қатысады. Жиында Израильдің Газадағы барша Палестина халқын нысанаға алған әрекеттеріне қарсы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басатын нақты қадамдар талқыланып, ұйымға мүше елдердің ортақ ұстанымын анықтауға баса назар аударылады.

Хакан Фидан бұдан бұрын Израильдің Палестинадағы зорлық-зомбылығын тоқтату үшін Мысырға барған болатын.



Ұқсас жаңалықтар