Президент Ердоған Кирякос Мицотакиспен сөйлесті
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
![Президент Ердоған Кирякос Мицотакиспен сөйлесті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/da8a/0961/cc1b/652e18cc05642.jpg?time=1718567777)
Президент Режеп Тайып Ердоған және Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстарға қоса көптеген тақырыпта пікір алмасты.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында көптеген алаңдатарлық жағдай, әсіресе Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстар және аймақтағы адам құқықтарының бұзылуы туралы пікір алмасылды.
Президент Ердоған Түркияның аймақтық және жаһандық көлемде өте жағымсыз салдары болуы мүмкін бұл қайшылықты процесті тоқтату үшін бар күш-жігерін салғанын және мұны жалғастыратынын білдірді.
Аймақ елдерінің болса бейбітшілікті сақтауға қоса қақтығыстар мен адам құқықтарының бұзылуын тоқтату үшін талпынып, осы бағытта әлемге хабарлама жасау керектігін атап көрсеткен Ердоған наразылықтықтарды арттыратындай емес, дағдарысты азайту үшін мүмкіндігінше тезірек қадам басудың дұрыс болатынын тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
![Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/42dc/f7ce/a79d/666c4d1546c00.jpg?time=1718567777)
Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды
Президент Режеп Тайып Ердоған Италияның Бриндизи қаласына барды.
![Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/9138/0001/6d14/666bfcf6ef7a7.jpg?time=1718567777)
Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Брюссельде
Жиында министр Гүлер жиналыс залында АҚШ-тық әріптесі Ллойд Остинмен қысқаша сөйлесті.