Ливандағы түрік азаматтарына ескертпе

Литани өзенінің оңтүстігіндегі аймақтардан мүмкіндігінше аулақ болуға кеңес берді.

2050322
Ливандағы түрік азаматтарына ескертпе

Түркия Ливандағы түрік азаматтарына ескертпе жариялады. Литани өзенінің оңтүстігіндегі аймақтардан мүмкіндігінше аулақ болуға кеңес берді.

Бұл туралы ескертпені Түркия Сыртқы істер министрлігі жариялады.

Ескертпеде «Ливандағы азаматтарымыздың абай болуы және мүмкіндігінше Литани өзенінің оңтүстігіндегі аймақтардан аулақ болуына кеңес береміз. Жаңалықтарды министрліктің және Ливандағы елшіліктің ресми парақшаларынан бақылап отыру пайдалы болады» деп айтылды.

Министрлік төтенше жағдай үшін Түркияның Ливандағы өкілетті елшілігінің "+961 3 944 904" және "+961 70 622 012" телефон нөмірлері мен консулдықтың  "+90 312 292 29 29" нөмірін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар