Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

2047989
Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысымен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда әңгімеде Израиль және Палестинадағы соңғы оқиғалар талқыланды.

Фидан алдыңғы күні америкалық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Министр Фидан Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі шейх Абдуллах бен Заид Әл Нахаян, Иордания Сыртқы істер министрі Аймен әл-Сафеди және Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбареспен де телефонда сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар