АҚШ PKK-мен күресте Түркияның жанында екенін білдірді
АҚШ PKK-мен күресте табанды түрде Түркия және түрік халқының жанында болуды жалғастыратындарын білдірді.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен күресте табанды түрде Түркия және түрік халқының жанында табанды болуды жалғастыратындарын білдірді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер баспасөз мәлімдемесінде PKK-ны АҚШ-тың шетелдік террор ұйымы деп танығанын қайталады.
Бір журналист алдыңғы күні бас қала Анкарада жасалған террорлық шабуылдың артында PKK террор ұйымының тұрғанын еске салды. Журналисттің «АҚШ-тың PKK және оның Сириядағы тармағы YPG-ге қолдау көрсетуіне Түркияда ұзақ уақыт бойы наразылық көрсетіп келеді. АҚШ НАТО-дағы одақтасы Түркия тарапынан лаңкестік топ ретінде анықталған ұйыммен қарым-қатынасын қалай жалғастыруды жоспарлап отыр?» деген сұрағына орай Миллер «PKK-ға қарсы күресте табанды түрде Түркияның және түрік халқының жанында боламыз» деді.
АҚШ-тың Түркия астанасындағы лаңкестік шабуылды қатал айыптағанын қайталаған Миллер жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

«Түркия бұдан әрі қантөгіс болдырмау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын»
Президент Ердоған «TRT World Forum 2023» форумында сөз сөйледі.