Ердоған мен Мицотакистің кездесуі сәтті өтті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесуі болымды жаңғырық жаратты.

2040532
Ердоған мен Мицотакистің кездесуі сәтті өтті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесуі Грекия баспасөзінде кең орын алды. 

«Та Неа» газеті «Оң атмосфераны сақтауға күшті ұмтылыс» атты хабарында екі ел арасындағы жақындасудың кезең-кезеңімен ілгерілейтінін атап көрсетті.

«Kathimerini» газеті Ердоған-Мицотакис кездесуін «Эгейдегі тыныш суларда диалог үшін жол картасы» деген тақырыппен жариялаған.

Хабарда «Мицотакис Түркия президенті Ердоғанмен кездесуінде соңғы айларда баяулаған  шиеленісті сақтап қалуға шынайы ниетін білдірді» делінді.

Хабарда кездесудің оң атмосферада өткені және екі ел арасында 7 желтоқсанда Салоникиде өтетін Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі отырысына қатысты мәлімдемелердің орын алғаны атап көрсетілді.

Хабарда «Грек тарапының бағалауы бойынша, бұл жаңалық екі ел арасындағы қарым-қатынастарды толық қалыпқа келтіруге жасалған қадам болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар