Хакан Фидан Нью-Йорк қаласында бірқатар кездесу өткізді

Хакан Фидан кеше Түркевинде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

2039768
Хакан Фидан Нью-Йорк қаласында бірқатар кездесу өткізді

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас ассамблеясы үшін Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына барған Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Түркевинде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

Дипломатиялық ақпарат көздері кездесуде Қарабахтағы соңғы оқиғалардың талқыланғанын атап өтті.

Фидан кеше Грекияның Сыртқы істер министрі Йоргос Иерапетритиспен де кездесті.

Кездесуде президент Режеп Тайып Ердоған мен Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің алдағы күндері Нью-Йоркте өтетін кездесуіне дайындықтың талқыланғаны айтылды.

Министр Фиданның Италия Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Антонио Таянимен кездесуінде заңсыз көші-қонмен күрес мәселесі талқыланды.

Фидан байланыстары аясында Швейцария Сыртқы істер министрі Игнацио Кассис және Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукримен де кезу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар