Түркия Ливияға көмек қолын созды

Түркия су тасқынынан зардап шеккен Ливияға көмек қолын созды.

2036039
Түркия Ливияға көмек қолын созды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ливияға іздеу-құтқару топтары мен тұрмысқа қажетті заттарды тасымалдаған үш көлік ұшағының алғашқысының бас қала Анкарадан шыққанын хабарлады.

Апат және төтенше жағдайларды басқару ұйымы (AFAD) төрағасы Окай Мемиш 3 жүк ұшағымен су тасқыны болған Ливияға іздеу-құтқару топтары және материалдар жіберілгенін мәлімдеді.  

Мемиш «Түрік мемлекеті және түрік ұлты дос және бауырлас Ливия халқына көмек қолын соза» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливиядағы су тасқынына байланысты әлеуметтік медиа парақшасынан мәлімдеме жасады

Ердоған «Түркия Ливия халқымен бірге. Біз Бенгазиге жүк тасымалдаған 3 ұшақ жібердік».

 



Ұқсас жаңалықтар